Талғарлық екі оқушы Малайзиядағы халықаралық мектептің грантын ұтты

41

Талғар қаласындағы №7 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушылары Аңсар Сарқытбек пен Айша Назар халықаралық грант иегері атанып отыр.  

Талғарлық екі оқушы Малайзиядағы халықаралық мектептің грантын ұтты Фото: Алматы облысының әкімдігі

Олар Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Cambridge бағдарламасы бойынша білім беретін халықаралық мектептің грантын жеңіп алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, тестілеу кезінде Аңсар Сарқытбек пен Айша Назар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсеткен. Халықаралық грант иегерлері 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап 4-сыныптың екінші жартыжылдығын Малайзиядағы халықаралық мектепте жалғастыратын болады. Оқушылардың оқу ақысы толық көлемде төленген.

– Қуанышты жаңалықты мектеп ұжымы ыстық ықыласпен қабылдап, оқушылар мен олардың ұстаздарын құттықтады. Шетелде білім алу жас дарындар үшін болашақтағы жетістіктерге бастар маңызды қадам болып, жаңа халықаралық мүмкіндіктерге жол ашады, – деп хабарлады әкімдіктен.

Шетелде білім алу жас дарындар үшін болашақтағы жетістіктерге бастар маңызды қадам болып, жаңа халықаралық мүмкіндіктерге жол ашады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу