Талғат Ермегияевке мерзімінен бұрын босап шығуға тағы да рұқсат берілмеді

144

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан тағы да бас тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Талғат Ермегияевке мерзімінен бұрын босап шығуға тағы да рұқсат берілмеді Фото: © Sputnik

2025 жылдың 14 шілдесінде Алатау қалалық соты Талғат Ермегияевтің мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтінішін қанағаттандырмаған еді.

Бүгін Алматы облыстық соты осы қаулыға қатысты адвокаттың жеке шағымын қарады. Қорғаушы бірінші сатыдағы сот шешімін жойып, сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы жаңа қаулы шығаруды сұрады. Алайда прокурор сот шешімін өзгеріссіз қалдыруды талап етті.

Сот алқасы сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі қаулыны жоюға негіз таппады.

– Өтінішті қарау барысында іс жүргізу және материалдық құқық нормалары бұзылған жоқ. Сотталушының барлық сипаттамалары, соның ішінде келтірілген залалды өтеуі тиісті түрде бағаланды. Шешімді жоюға негіздер анықталған жоқ, – деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу