"Тальго" пойызын машинасымен соққан жүргізуші куәлігінен айырылды

455

Жүргізуші теміржол өткелінде жолаушылар пойызының алдынан өтіп кетпек болған.  

"Тальго" пойызын машинасымен соққан жүргізуші куәлігінен айырылды Фото: rail-news.kz

Жамбыл облысы, Меркі аудандық соты материалдық залал келтірген теміржол өтпелерінің өту қағидаларын бұзу фактісі бойынша К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға 2025 жылы қараша айында түнде Меркі ауданының "Қарасу-Тәтті" станциясының теміржол өтпесінде болған.

"ВАЗ 21213" маркалы автокөлікті басқарған азамат Алматы-Шымкент бағытында жүретін "Тальго" жолаушылар пойызына жол бермей, соғылған.

Сот қаулысымен кінәлі азамат 9 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу