Қазақстан жаңа "Тальго" вагондарын сатып алмайды

143

"Тальгоны" Stadler шығарған вагондар алмастырады.

Қазақстан жаңа "Тальго" вагондарын сатып алмайды Фото: railways.kz

Ал, бұрынғы вагондар пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Көлік министрлігіне қарасты Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов мәлімдеді.

Ж.Тайжановтың айтуынша, қазіргі таңда 14 бағытта "Тальго" типіндегі 14 пойыз жүріп жатыр – барлығы шамамен 732 вагон.

Елімізде 2023 жылдан бастап аталған вагондардың өндірісі тоқтатылды.

– "Тальго" вагондары шығарылған зауыт сатылып, енді Stadler вагондарын өндіруде. "Тальго" вагондарын жаңадан сатып алу жоспарланбаған, қолданыстағы құрамдар пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін қызмет етеді", – деді комитет төрағасы.

Қазіргі отандық өндірістегі вагондарды сатып алуға басымдық берілген. Бүгінде Қазақстанда екі зауыт – ЗИГ-100 және Stadler Kazakhstan жұмыс істейді, олар жаңа пойыз құрамдарын шығарып жатыр.

Stadler – Қазақстан мен Швейцарияның бірлескен жобасы. Биылдың өзінде алғашқы 51 вагон "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу