Тәліптер әскери базаны АҚШ-қа қайтармауға бекінді

585

Ауғанстан билігі бұл мәселедегі ұстанымын ашып айтты.  

Тәліптер әскери базаны АҚШ-қа қайтармауға бекінді Фото: golosameriki.com

Ауғанстан Дональд Трамптың талабына қарамастан, Баграм әскери әуе базасын АҚШ-тың бақылауына қайта бермейді. Бұл туралы Талибан үкіметінің ресми өкілі Забихулла Мужахид айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

"2020 жылы АҚШ пен Талибан арасында Доха келісіміне қол қойылғанын еске саламыз. Оған сәйкес, АҚШ Ауғанстанның аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданбауға, сондай-ақ ішкі істеріне араласпауға міндеттелген", – деп жазды Забихулла Мужахид желідегі парақшасында.

Кабул билігі барлық мемлекеттермен конструктивті қарым-қатынас орнатуға ұмтылатынын жеткізді. Талибан тағайындаған Ауғанстан армиясы Бас штабының бастығы Кари Фасихуддин де осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Ол жердің бір түйірін де ешкімге бермейміз деп баса айтты.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы Баграм әуе базасына бақылауды қайтарғысы келетінін айтып қалды.

"Егер Ауғанстан бұл әуе базаны салған АҚШ-қа оны қайтармайтын болса, салдары жаман болады", – деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу