"Талибан" қозғалысымен келіссөз жүргізіле ме

1386

Ауғанстандағы этникалық қазақтарды елге көшіру бойынша «Талибан» қозғалысымен (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған және тыйым салынған) келіссөз жүргізіле ме? Бұл сұраққа Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі. 

"Талибан" қозғалысымен келіссөз жүргізіле ме

Ол бүгінде әлем елдері Ауғанстандағы жағдайды бақылап отырғанын атап өтті.

«Сондықтан осындай «Талибанмен» келіссөздер болады, шешім шығарылады деп айта алмаймыз. Әрине, Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігі қандастармен байланыста. Барлық ақпарат тексеріліп жатыр. Мұндай кезде тексерілмеген ақпарат көп болады. Сондықтан сабыр сақтау керек, бұл бір күнде атқарылатын жұмыс емес. Билікте тәліптер немесе басқасы бола ма, қандай үкімет келеді, онымен бұл мәселе бойынша келіссөз жүргіземіз», - деді ресми өкіл ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған дейін Президент Ауғанстандағы қандастарға көмектесуді тапсырған.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу