"Талибан" Панджшерге шабуылдай бастайды

826

1 қыркүйекте тәліптер Панджшерге кіретін тұстағы фронттың алдыңғы  постын басып алғанын мәлімдеген болатын.  

 "Талибан" Панджшерге шабуылдай бастайды

"Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) көтерілісшілердің жетекшісі Ахмед Масудпен келісімге келмегеннен кейін Панджшер провинциясына шабуыл жасау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Al-Jazeera телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін БҰҰ Панджшерге шабуыл жасауды тоқтатуды талап еткен еді. Ұйым тараптар жергілікті халықтың құқығын таптамай, провинцияға гуманитарлық қызметкерлердің өтуін қамтамасыз етуі керек деп отыр.

1 қыркүйекте тәліптер Панджшерге кіретін тұстағы фронттың алдыңғы  постын басып алғанын мәлімдеді. Желіде содырлардың бірі көтерілісшілер қалдырып кеткен траншеяларды көрсетіп тұрған видео тарап кетті. Көтерілісшілер тарапы болса, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Сол күні тәліптердің келіссөздерден бас тартып, провинцияны басып алуға және фронт жетекшісі Ахмад Масудты өлтіруге ниетті екені жарияланды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу