"Талибан" Тәжікстан мен Өзбекстанмен шекарасына 10 мың жауынгер жібереді

2477

Жақын арада оларға қолдау ретінде артынан әскери ұшақтар жөнелтілмек.

"Талибан" Тәжікстан мен Өзбекстанмен шекарасына 10 мың жауынгер жібереді

Ауғанстандағы биліктен басып алған "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) Тәжікстан мен Өзбекстанмен арадағы шекарада орналасқан провинцияларға заманауи қару-жарақ және техникамен қаруланған 10 мың жауынгер жібереді, деп хабарлайды inbusiness.kz тәліптердің Қарулы күштері Бас штабының басшысы Кари Фасихуддин Фитраттың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Елдің солтүстік және солтүстік-шығыс провинцияларында НАТО мен АҚШ-тың ең заманауи техникасымен жабдықталған 10 жауынгер жіберіледі. Олар кез-келген қарулы шабуылға қарсы әрекет етеді", – деді Фитрат Twitter-дегі парақшасында.

Оның айтуынша, жақын арада оларға қолдау ретінде артынан әскери ұшақтар жіберілмек.

Ескере кететін жайт, Ауғанстанның солтүстігінде Балх провинциясы Өзбекстанмен, солтүстік-шығысындағы Кундуз, Тахар және Бадахшан – провинциялары Тәжікстанмен шектеседі.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу