BBC-дің жазуынша, жоғары оқу орындарында адам құқығы және сексуалдық қысым көрсету бойынша сабақ беруге мүлдем болмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Химиялық зертханадағы қауіпсіздік" деген атаумен белгілі кітапты қоса алғанда, әйелдер жазған 140 кітап Талибан саясаты мен шариғатқа қарсы идеялары бар, жалпы алаңдаушылық тудыратын 680 кітаптың тізіміне енгізілген.
"Талибан" қозғалысының Жоғары көшбасшысы жақында Ауғанстанның кемінде 10 провинциясында талшықты-оптикалық интернетке тыйым салғаны белгілі. Өйткені, аталған жүйелер арқылы енді әдепсіздік насихатталмайды.
Бұл тыйымдар адам өмірінің көптеген бағытына әсер еткен, әсіресе әйелдерге. Өйткені, Ауғанстанда қыз балаға 6-сыныптан кейін білім алуға тыйым салынған. Ал акушерлік курсы 2024 жылы жабылып қалған еді.
"Талибан" Ауғанстан билігіне АҚШ қолдап келген Ислам Республикасын тайдырған соң ғана қайта келді. Олар келген соң АҚШ пен НАТО әскері Ауған жерінен шығарылды.