Тәліптер Кабул әуежайындағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырушыны жойды

495

Қозғалыс өкілдері жергілікті ДЕАШ құрылымының жетекшісін ұстады. 

Тәліптер Кабул әуежайындағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырушыны жойды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

"Талибан" (ҚР аумағында тыйым салынған) қозғалысының өкілдері 2021 жылы Кабул халықаралық әуежайына шабуыл ұйымдастырған ДЕАШ террористік ұйымының жетекшісін жойды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Ақ үйдің Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби хабарлады.

Ол арнайы операция барысында ұсталып, көзі құртылған террористі 13 америкалық сарбаз бен кем дегенде 170 ауғандықтың өліміне себеп болған шабуылды ұйымдастырушысы деп атады.

Біз "Талибанға "Әл-Каида" болсын, ДЕАШ болсын, жалпы террористерге қауіпсіз орта жасамау керек екенін түсіндіре алдық", - деді Ақ үйдің өкілі.

Әлемдік державалар тек Ауғанстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде таралған ДЕАШ қаупімен күресті жалғастырады, деп сендірді ол.

Өлтірілген адамның жеке басы мен операция барысы туралы ақпарат жария етілмеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу