Талибан делегациясы Ауғанстан бойынша келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге шақырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің өкіліне сілтеме жасап.
Әзірге бұл делегацияны кімнің жетекшілігімен Ресейге аттанатыны жарияланбады.
Бұған дейін тәліптер Мәскеуге шілде айында келіссөздер жүргізуге келген еді. Қыркүйек айында Мәскеу "Талибан" өкілдерімен жаңа келіссөздер ұйымдастыру жағын талқылайтыны туралы хабарлаған болатын.
Өткен айда Ауғанстанның жаңа үкіметі Ресеймен қарым-қатынасты жоғары деңгейде дамытып, Мәскеуге іссапармен барғысы келетінін мәлімдеген еді.
"Біз Мәскеуден шақырту күтіп отырмыз. Бізде ешқандай проблема жоқ, біз Ресей үкіметімен арадағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде болғанын сұраймыз. Ресей Федерациясы біз үшін маңызды көрші, сондықтан Кабул мен Мәскеу арасындағы берік қарым-қатынастың куәсі боламыз деп ойлаймыз", – деді уақытша Үкіметтің Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Забиулла Муджахид.
Табиғат Нұрболат
Фото: apnews.com