Тәліптер Орталық Азияны сусыз қалдыруы мүмкін

481

"Талибан" (ҚР аумағында тыйым салынған ұйым) қозғалысы ойластырған Түркіменстан шекарасында орналасқан Балх провинциясындағы алып Қоштеп каналын салу жобасы Орталық Азия елдерін сусыз қалдыруы мүмкін.  

Тәліптер Орталық Азияны сусыз қалдыруы мүмкін Фото: eadaily.com

Бұл туралы inbusiness.kz avesta.tj сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа каналдың ұзындығы 285 шақырым, ені - 100 метр, тереңдігі - 8,5 метр болуы керек. Оған су Балх провинциясының Калдарр округіндегі Әмудариядан келеді. Арнаның өткізу қабілеті секундына 650 текше метрді құрайды.

Жобаны Ауғанстанның ұлттық даму компаниясы жүзеге асыруда. Құрылыс мемлекеттік қаражат есебінен жүргізіледі. Оның құны - шамамен $684 млн.

Жоспар бойынша, канал Балх, Джаузжан, Фаряб провинцияларындағы ауылшаруашылық жерлерін суарады және 250 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Құрылыс жұмыстарына 6 мыңнан астам адам тартылды.

2022 жылдың соңына қарай аяқталған учаскенің ұзындығы қырық шақырымнан асты. Арнаның ашылуы 2028 жылға жоспарланған.

Сарапшылар канал іске қосылғаннан кейін аймақтағы суайрықтағы жағдай күрт нашарлайды деп қорқады. Әсіресе, Әмударияның төменгі ағысында орналасқан Өзбекстан мен Түрікменстан бәрінен артық зардап шегуі мүмкін, олар аймақтың негізгі өзенінен суармалы судың 15%-нан айырылуы мүмкін.

Оған қоса өткен жылдың маусым айынан бастап өзендегі су мөлшері 65-85%-ға дейін төмендеген. Ташкент, Душанбе мен Ашхабадтан суды үнемдеу талпынысы өз жемісін берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу