Тәліптер Өзбекстан билігін электр энергиясын жеткізу туралы келісім міндеттемелерін орындауға шақырды

549

"Талибан" қозғалысының басшылығы (ҚР аумағында тыйым салынған ұйым) Өзбекстан билігін Кабул мен Ташкент қол қойған электр энергиясын жеткізу туралы келісімді орындауға және онда келісілген электр қуатын беруге шақырды. 

Тәліптер Өзбекстан билігін электр энергиясын жеткізу туралы келісім міндеттемелерін орындауға шақырды Фото: Hududiy Elektr Tarmoqlari

Бұл туралы "Ферғана" АА Ауғанстанның TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Ресурс хабарлағандай, Өзбекстанды аязды қыста Ауғанстанға электр энергиясын беруді тоқтатқаны үшін сынаған Талибан Үкіметіндегі Сыртқы істер министрлігінің басшысы Әмір-Хан Муттаки тиісті мәлімдеме жасады.

"Олар [Өзбекстан жағы] Ауғанстан Мемлекеттік энергетикалық компаниясы Da Afghanistan Breshna Sherkat-қа 400 мегаваттан астам электр энергиясын жеткіземіз деген уәдесіне берік болуы керек. Олар қазір электр қуатын өшіріп, қаншама адамның өмірін қиындатып отыр", - деді Муттаки.

Телеарнаның ақпаратына сәйкес, Ауғанстан астанасында электр қуатының үзілуі соңғы бірнеше аптада жиілеп кеткен.  Оған қоса бұрын-соңды болмаған аяз бар, ал электр энергиясы тәулігіне бір сағат қана беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу