Талқықорғанда полиция ғимараты өртенді

719

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы жарияланды. 

Талқықорғанда полиция ғимараты өртенді

Талдықорғанда полиция департаментінен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Облыстық полиция департаменінің мәліметінше, оқыс оқиға 8 қазанда кешкі сағат 19:40-та болған. Басқарма ғимаратының бірінші қабатынан өрт шыққан.

"Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетті. Өрт кешкі сағат 20:05-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт электр сымдарының тұйықталуынан шықты деген болжам бар", – деп жазылған хабарламада.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация<\/a>

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу