Тамақ өнеркәсібіне салынған инвестиция бір жылда 40%-ға артты

532

Биылғы қаңтар айында елімізде тамақ өнімдерін өндіру саласына 14,3 млрд теңге инвестиция құйылды.  

Тамақ өнеркәсібіне салынған инвестиция бір жылда 40%-ға артты Фото: ortcom.kz

Бұл былтырғыға қарағанда ақшалай мәнде 41,7%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz/ru порталына сілтеме жасап.

Инвестициялар нақты көлемде 39,6%-ға өсті. Секторда күрделі салымдардан өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялардың үлесі 18,7%-ды құрады.

Өткен жылдың 12 айында салаға 140,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда құндық мәнде 22,9%-ға көп. Өңдеуші өнеркәсіпке салынған инвестициялардан сектордың үлесі – 9,2%. 

Республика бойынша капитал салымдардың ең үлкен көлемі Солтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиді: 5,1 млрд теңге. Одан кейінгі орындарда Ақмола (3,5 млрд теңге), Алматы (2,7 млрд теңге) және Қостанай (1,3 млрд тг) облыстары, Шымкент (409,6 млн теңге) орналасты.

Инвестициялық портфельдің жартысынан астамы (53,6%) немесе 7,7 млрд теңге банктік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылды. Кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен инвестициялар көлемі 26 пайызға (5,5 млрд теңгеге дейін), ал банктік несиелер есебінен 57,2%-ға (1,1 млрд теңгеге дейін) азайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу