Тамара Дүйсенова: Кейбір жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігін дұрыс қамтамасыз етпейді

521

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келесі жылға арналған еңбек инспекцияларының міндеттерін белгіледі.  

Тамара Дүйсенова: Кейбір жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігін дұрыс қамтамасыз етпейді Фото: gov.kz

Елімізде 179,9 мың белсенді кәсіпорын бар. Оның ішінде 58,5 мыңы ғана қызметкерлерді міндетті сақтандыру туралы шарт жасасқан, деп жазады inbusiness.kz министрліктің  сайтына сілтеме жасап.

"Бізде жазатайым оқиғалар жиі болатын өндірістер бар. Белгілі болғандай, кейбір жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігін дұрыс қамтамасыз етпейді және өз қызметкерлерін сақтандырмайды. Келесі жылға арналған міндет – 119,9 мың кәсіпорын тарапынан қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасасуды қамтамасыз ету. Бір жыл ішінде соңғы жылдары жасалмаған істерді жасауға тырысайық", - деді ведомство басшысы.

Министр кәсіпорындардың электрондық еңбек биржасында еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне қосылуы мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда 914 мыңнан астам жалдамалы қызметкердің электрондық еңбек шарттары жоқ.

"Келесі жылы сіздер қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын, электрондық еңбек шарттарын ресімдеуді және барлық жалдамалы қызметкерлер бойынша уақтылы әлеуметтік аударымдарды қамтамасыз етулеріңіз керек. Бұл көрсеткіштер KPI-де ескерілетін болады", – деп атап өтті ол.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу