ҚР мерекелер күнтізбесіне сәйкес, аптасына бес күн қызмет ететін азаматтар тамызда 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ал алты күндік кестемен жұмыс істейтіндер 26 күн қызметте болады. Оларға 5 күн демалыс қарастырылған.
Осылайша, тамыз айында отандастарымыз тек апта соңында, яғни сенбі және жексенбі демалады.
Мемлекеттік мерекенің болмауына байланысты қосымша демалыс берілмейді. Өйткені, Конституция күні 30 тамыздан 15 наурызға ауыстырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу