Тамызда бидайдың халықаралық бағасы төмендеді

726

Тамызда бидайдың халықаралық бағасы 5,1%-ға төмендеді. 

Тамызда бидайдың халықаралық бағасы төмендеді

Жалпы үшінші ай қатарынан төмендеп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz басылымына сілтеме беріп.

Бұл жағдай Канада, АҚШ және Ресей Федерациясында егін жинау жағдайларының жақсаруына байланысты.

Сонымен бірге солтүстік жарты шарда егін жинау шаралары жалғасатын елдерде ұсыныстың маусымдық өсуі және бес айдан астам үзілістен кейін Украинаның Қара теңіз порттарынан экспортты қалпына келтіру маңызды рөл атқарды.

Дегенмен Қазақстан бойынша бидай мен меслиннің экспорттық бағасы бір айда 10%, ал бір жылда 32%-ға өскен. Қаңтар-шілде қорытындысы бойынша Қазақстаннан экспортқа 1 млрд долларға 3,3 млн тонна бидай мен меслин жіберілді. Экспорттың өзі заттай мәнде 3%-ға, ал құндық мәнде бірден 40%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу