Таңғы саудада теңге нығайды

258

3 қарашадағы ресми валюта бағамы белгілі болды.

Таңғы саудада теңге нығайды Фото: inbusiness.kz

3 қараша күнгі таңғы саудада доллар, еуро және рубльдің бағамы айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Kurs.kz мәліметінше, Алматының айырбастау пункттерінде сағат 08:30-дағы жағдай бойынша долларды сатудың орташа бағамы – 470,82 теңге, сатып алу бағамы – 468,14 теңге. Еуроны сату – 499,02 теңге, сатып алу – 495,92 теңге болды. Ресей рублін 4,91-5,05 теңгеге сатып алуға болады.

Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы 470,00 теңгені, сатып алу бағамы 464,94 теңгені құрады. Еуро 499,10 теңгеден сатылып, 493,90 теңгеден сатып алынды. Рубль 5,05 теңгеге сатылып, 4,89 теңгеден сатып алынды.

3 қарашадағы ресми валюта бағамы:

АҚШ доллары – 468,13 теңге;

рубль – 5,03 теңге;

еуро – 497,34 теңге;

CNY – 63,97 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу