Танк армияның негізгі жауынгерілік құрамдас бөлігі – Министрлік

510

Қарулы Күштердің танк бөлімшесі жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес шамамен 30 далылық шығу мен 2500-ден астам оқ ату өткізді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  

Танк армияның негізгі жауынгерілік құрамдас бөлігі – Министрлік

Даярлық барысында танк негізі қаруы болып табылатын танк зеңбірегінен штаттық артиллериялық снарядпен оқ атуға ереше назар аударылды. Бұдан басқа, экипаждарПКТ (қарсыластың шартты жұмыс күші бойынша) және НСВТ (әуе нысандары бойынша) танк зеңбіректерінен атыс жүргізуді пысықтады.

Қару-жарақ тізіміне көптеген жаңа қару-жарақ түрлерінің, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының келуіне қарамастан, танктер әлем елдері армияларының негізгі жауынгерілік құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың басты артықшылығы-қауіпсіздік пен жауынгерлік күш. Мұны қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесі дәлелдейді.

Сирия, Ливия, Ирак және басқада әлемнің шиеленіс нүктелерінде ұрыс қимылдары танктің құрлықтағы жауынгерлік әрекеттерді орындаудағы қажеттелігін көрсетті. Әскери қақтығыста танктің болуы жоғары маневрлікті және оқ ату мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда танк әскерлері дамыған елдердегі құрлық әскерлерінің жалпы жүйесінде айтарлықтай үлес алады. Қазақстан Қарулы Күштерінде танк бөлімдері мен бөлімшелері еліміздің әртүрлі өңірлерінде орналасқан және үнемі жауынгерлік әзірлікте болады.

"Алдаспан-2020" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында қазақстандық танкішілермен жаңа тәсілдер, сонымен қатар "Танк карулселі" - ұрыс жүргізу әдісін пысықтады. Онда үш жауынгерлік машина кезек-кезек, карусель қағидаты бойынша қозғала отырып, атысты үздіксіз орындайды. Осындай негізде қарсыласқа оқ жоғары қарқынмен, тоқтаусыз негізде жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу