Танымал блогер 90 млн теңгенің көлігін жағып жіберді

3712

Көлікті өртеуге алдын-ала дайындық жасап, өрт қою барысын арнайы видеоға түсірген.  

Танымал блогер 90 млн теңгенің көлігін жағып жіберді Фото: instagram.com/nnnurdaylet

NNN лақап атымен танымал қазақстандық блогер Нұрдәулет Бектұрсын 90 миллион теңге тұратын Mercedes GT көлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz блогердің instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ол NNN әлеуметтік желісіндегі парақшасында жан түршігерлік видео жариялады. Видео далада анық түсірілген, достары орын дайындап, көлікке және оның айналасындағы жерге бензин құюға көмектескен.

Бір қызығы, Нұрдәулет өртеніп жатқан видеоға қатысты ешбір пікір қалдырмаған. Ал жазылушылардың көпшілігі оны түсінбеді. Теріс пікірлер басым. Адамдар шетелдік көлікті өртегенше мұқтаж жандарға көмектесіп, қайырымдылыққа қаражат беруіп немесе үй сатып алуға болады деп санайды.

Алайда Нұрдәулеттің бұл әрекетіне күмінмен қарап, өзінің екі қымбат көлігін жұрт көзінше  қиратқан ресейлік блогер Михаил Литвиннің жасағанын қайталады дегенге саятын пікірлер де жетерлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу