Танымал блогер Daricorn жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды

Полиция танымалдылық пен оқырмандардың саны жауапкершіліктен босатпайтынын айтып отыр.  

Танымал блогер Daricorn жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды Фото: www.instagram.com/daricorn.rr

Daricorn атымен белгілі блогер Дариға Нұркеева Алматы қаласында жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол көлік жүргізіп келе жатқан сәтін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Алматы қаласының Полиция департаменті блогердің екі бап бойынша кінәлі екенін мәлім еткен. Олар мұндай іс-әрекет жүргізушінің өзіне ғана емес, басқаларға да зиян-зардабын тиетінін алға тартады.

– Интернет кеңістікті талдау барысында белгілі блогер қыздың жол-көлік ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабының 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабының 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай әрекеттер – жай ғана жауапсыздық емес, ол басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру. Мұның бәрі интернеттегі лайк пен қаралым үшін жасалады. Танымалдылық деңгейі, оқырмандардың саны жауапкершіліктен босатпайды. Заң бәріне бірдей, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу