Мәскеудің Чертановский соты блогерді қамауға алуға сырттай ордер берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сот Гасановқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай таңдау туралы тергеушінің өтінішін қанағаттандырды", - деп хабарлады сот.
Соттың мәліметінше, блогерге Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 4-бөлігі (ерекше ірі көлемдегі ақшаны жылыстату) бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сондай-ақ, оның шетелге қашып кеткені туралы айтылды.
2024 жылдың маусымында Ресей Федералдық салық қызметі Гасановты салық төлемегені үшін сотқа беріп, оның есепшоттары бұғатталған.
Сол жылдың шілде айында Қауіпсіз Интернет лигасының жетекшісі Екатерина Мизулина блогердің қашып жүргенін және оның компаниялары мемлекет алдындағы қарыздары үшін жабылғанын хабарлады.