Танымал сауда желілерін бопсалаған "блогерлер" сотталды

254

Күдіктілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Танымал сауда желілерін бопсалаған "блогерлер" сотталды Фото: saigez.kz

Петропавл қаласының 2 тұрғыны "Magnum" және "Семейный" сауда желілерінен "рейд" деп аталатын бейнетүсірілімдерді және әлеуметтік желілерде жариялауды тоқтату үшін ақша бопсалады деп айыпталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар ұялы телефондарға сауда желілерінің дүкендеріне барғандарын жазып алып, жария етілген жағдайда меншік иелерінің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ақпарат жинаған.

Кейіннен жарияланымдар "Instagram" әлеуметтік желісінде және "Youtube" арнасында жүргізілген.

"Сотталғандардың кiнәсi жәбiрленушiлердiң, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық iстiң басқа да материалдарымен дәлелденді", – делінген СҚО прокуратурасы хабарламасында.

Айыптау үкiмi алқабилер алқасының қатысуымен шығарылып, екi адамға нақты мерзімі 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалды.

Петропавл қалалық сотының "блогерлерге" қатысты үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу