Танымал тіс пастасына тағы да тыйым салынды

Оған себеп – жергілікті тұрғындардың тым көп шығым жасауы.  

Танымал тіс пастасына тағы да тыйым салынды Фото: moms.ua

Енді Бразилия елінде Colgate Total Clean Mint тіс пастасы мүлдем сатылмайтын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған хабарламаны елдің Ұлттық денсаулық сақтау агенттігі жариялап отыр.

Жыл басында бразилиялықтар әлеуметтік желілерде Colgate Total Clean Mint тіс тастасы туралы жағымсыз пікірлерді көптеп жаза бастады. Олар оны қолданғаннан соң ауыз қуысында тітіркену пайда болатынын, тіпті күйдіріп, қызыл иекті ісіндіретінін айтып шағымданған. Тұтынушылар арасында медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болғандары да жеткілікті.

Бірақ, бұл шағым бірінші рет емес. 27 наурызда жауапты орган толық тергеу жүргізілгенге дейін аталған тіс пастасын пайдалануға және сатуға уақытша тыйым салған болатын. Десе де, Colgate сотта бұл шешімге қарсы шықты әрі уақытша тыйым салуды алып тастады.

Өткен айдың соңында компания шағымын қайтарып алды. Өндірушінің бұл шешімінің себебі нақты ашып көрсетілмеген. Апелляциялық шағым кері қайтарылғандықтан, уақытша тыйым салу туралы қаулы қайтадан күшіне еніп отыр.

Еске салайық, бірер күн бұрын Ресейде Роспотребнадзор Colgate Total Clean Mint тіс пастасы туралы шағымдарды бақылайтыны анықталды. Реттеуші агенттік тіс пастасы мемлекеттік тіркеуді, лицензияны немесе рұқсатты қажет етпейтінін алға тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу