25-30 маусым аралығында Алматы – Достық бағыты бойынша қатынайтын №207/208 және №211/212 Тальго пойыздарының "Турист" санатындағы вагондарына жол жүру билеттерін 20% жеңілдікпен ұсынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жеңілдік төменгі және жоғарғы орындардың барлығына қолданылады.
Аталған бағыт Жетісу өңірінің көрікті аймақтары арқылы өтеді және жаз мезгілінде Алакөл жағалауына демалуға баратын жолаушылар арасында сұранысқа ие бағыттардың бірі.
Жеңілдікпен билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы, "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан, сондай-ақ, мобильді билет сату сервистері арқылы алуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу