Танымал вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

126

Айта кетейік, 2023 жылы Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасы ісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Танымал вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты Фото: Жеке парақшасынан

Бұл туралы желідегі парақшасында жазба жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Сыртқы бостандығымнан айырылған сәтте, ішкі бостандығымды таптым. Демек, солай болуы тиіс еді. Өмірдің берер сабақтарынан қашып, бақытты өмір сүру мүмкін емес. Жаның қалаған тәжірибеден қашу да мүмкін емес. Маған тыныштық қажет еді: зымыраған уақыттан тыс, ешқандай рөлсіз, өзіммен өзім қалып, кім екенімді айқындау қажет болды. Кейде өзіңді жаңадан қалыптастыру үшін сынып қалу да керек екен. Осы тәжірибе үшін Жаратқанға алғыс айтамын. Ол – баға жетпес. Бұл жанның жарқын сапары болды", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу