banner

Танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілікті

1198

Тергеу соты екеуін кепілге босатып, тағы бірін 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілікті

Әйгілі вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке іліккен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

Оқиға танымал блогерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов туралы болып отыр. Олар Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы "Қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілікті. Егер іске қатысы бары дәлелденсе 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу соты екеуін кепілге босатып, үшіншісі 2 айға сырттай қамауға алынды.

"Азаматтар Т. және Ш.-ға қатысты 1000 АЕК мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды. Азаматша С.-ға қамауға алу туралы сырттай арыз түсті. Өтініш қанағаттандырылды. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың көктемінде алматылықтар танымал тележүргізуші Баян Алагөзова, сондай-ақ Төребаев, Шерниязов және Саидбаев жарнамалаған инвестициялық компанияға шағымданған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу