Танымал вирусологқа "Африкадан заңсыз инфекция әкелді" деген айып тағылды

Күдіктіден пенопласт қораптарға салынған 113 ампула табылған.    

Танымал вирусологқа "Африкадан заңсыз инфекция әкелді" деген айып тағылды Фото: t.me/BILD_Russian

53 жастағы Винсент Мюнстер мен 38 жастағы Клод Кве биыл қаңтар айында Детройт әуежайында тергеушілердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ФБР жүргізген тергеу нәтижесінде 17 ампулада белсенділігі жойылған маймыл шешегінің вирусы, бір ампулада Varicella-Zoster желшешек қоздырғышы және екі ампулада адам ДНҚ-сының үлгілері болғаны анықталған. Қазіргі уақытта 113 ампуланың тек 20-сы ғана зерттелген. Тергеу туралы мәліметтер айыптау қорытындысы жарияланғаннан кейін ғана белгілі болды.

Нидерланды азаматы Винсент Мюнстер Монтана штатындағы беделді Rocky Mountain Laboratory зертханасының вирустық экология тобына жетекшілік етеді. Ол Эбола, MERS, тұмау және SARS-CoV-2 бойынша көптеген ғылыми зерттеулер жариялаған. Коронавирус пандемиясы кезінде Мюнстер халықаралық деңгейде танымал сарапшылардың бірі болған. Екінші күдікті Клод Кве оның зерттеу тобында жұмыс істейді.

АҚШ Әділет министрлігі ғалымдарды "биологиялық үлгілерді заңсыз әкелді" және "бұл туралы билікке жалған ақпарат берді" деп күдіктеніп отыр.

Тергеушілердің сөзінше, құжаттардың жоқтығы туралы сұрақтарға Мюнстер "мұны үнемі осылай жасаймын" деп жауап берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу