"9 рет пышақтаған": Алматылық 13 жастағы жасөспірімге қатысты жаңа деректер жария болды

Бұған дейін 12 жастағы баланың өзінен бір жас үлкен танысының қолынан қаза тапқанын жазған едік.

"9 рет пышақтаған": Алматылық 13 жастағы жасөспірімге қатысты жаңа деректер жария болды Фото: threads/ 017aimv

Құқық қорғау органдары бүгінде қылмысқа қатысты бейнежазбалар мен хат алмасулар зерттеліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобын құрған. Іске қатысы болуы мүмкін басқа да цифрлық айғақтар тексеріліп, қылмыстық іс материалдарына тіркелген. 

– Оқиға орны мен оған іргелес аумақтардағы бейнежазбалар, сондай-ақ болған жағдайдың объективті көрінісін анықтауға маңызы бар өзге де цифрлық деректер зерттеліп, іс материалдарына қосылды. Барлық уәж мен нұсқа тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта жәбірленуші тарапқа істің барлық мән-жайы түсіндірілді, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа қатысы болуы мүмкін 13 жастағы жасөспірім анықталған, ол мамандандырылған арнайы мекемеге қамалды. 

Тергеу нұсқаларында 2 жасөспірімнің арасында осыған дейін де келіспеушілік болғаны айтылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу