Таратылған банктердегі депозиттер зейнетақы шоттарына аударылады

771

Лицензиясы қайтарып алынған екінші деңгейлі банктердегі депозиттер салымшының зейнетақы қорындағы шоттарына аударылады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Таратылған банктердегі депозиттер зейнетақы шоттарына аударылады

Бұл туралы  еліміздің депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеді.  Сөздерінше, бұл процедура келер жылдың 1 мамырынан бастап жүзеге аспақ. Ал, оған дейін салымшылар аталған мекемеге хабарласып, тек депозиттегі емес, сонымен ағымдағы шоттағы қалдықтарын өзге банк шоттарына аудара алады. Ал, егер келер жылдың 1 мамырына дейін таратылған банк салымшыларынан ешқандай өтініш келіп түспесе, онда сол адамның зейнеақы қорындағы шотына автоматты түрде аударылады. Айта кету керек, бір ғана бұрынғы "Астана банкінің" клиенті болған 206 мың салымшы өздерінің банкте қалған ақшаларын қайтарып алу үшін хабарласпаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу