Тараз балабақшасында ірі көлемде қаражат жымқырылған

471

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған. 

Тараз балабақшасында ірі көлемде қаражат жымқырылған Фото: Владимир Горощенко

Тараз қаласының прокуратурасы "РозАль" орталығы" жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу