Тараз қаласын көріктендіру мақсатында 1 миллионнан аса гүл егіледі

472

Биыл қала аумағында 12 мың шаршы метр гүлзарға гүл отырғызу көзделуде. 

Тараз қаласын көріктендіру мақсатында 1 миллионнан аса гүл егіледі Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласын жасыл желекпен көмкеруге ерекше ден қойылып отыр. Бұған қажетті барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Айталық, қазіргі таңда "Жасыл ел – Тараз" мекемесінің жылыжайында 1 миллионнан аса түрлі гүл ұрығы өсірілуде. Бүгінде оның 400 мыңы өніп шыққан. Енді бұл көрсеткішті апта сайын 70-80 мыңға дейін жеткізу көзделуде. Сондай-ақ жылыжайда 30-дан астам білікті маман гүл ұрығын жетілдіру, өсіру, күтіп-баптау секілді жұмыстармен айналысуда.

Жалпы биыл қала аумағында 12 мың шаршы метр гүлзарға гүл отырғызу көзделуде. Оның 5000 шаршы метріне сәуір айында отырғызылмақ. Бұған қосымша 627 шаршы метр қазандыққа гүл егіледі. Сондай-ақ, біржылдық гүлдермен қоса 15 мың дана раушан гүлі Абай, Төле би көшелеріне, Жамбыл даңғылына, Ниетқалиев, Сейфуллин көшелеріне және үлкен көше қиылыстарына егіледі.

Шаһар аумағында отырғызылған жасыл желектерді, көгалдар мен гүлдерді суғарып, күтіп баптау мақсатында 22 суқұйғыш арнайы автокөлік және 40-қа жуық су ұңғымасы пайдаланылады. Аталған жұмыстарды орындау үшін биылғы жылы қосымша 12 су ұңғымасы орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу