Тараз қаласында құс фабрикасы жалға беріледі

1513

Таразда күрделі жөндеуден өткеннен кейін іске қосылуға дайын құс фабрикасы жалға беріледі немесе сатылады. 

Тараз қаласында құс фабрикасы жалға беріледі

Осындай хабарландыру Қазақстанның құс өсірушілер одағының порталында пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Құс фабрикасының иелері оны сатып немесе жалға беріп қана қоймай, сонымен бірге  инвесторлардан серіктестікте бірлесе жұмыс істеу туралы ұсыныстарын қабылдайды.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, фабриканың аумағы- 33,600 шаршы метрді құрайды, 27 құс қорасы, инкубатор мен жем зауытына, астық қоймасына арналған ғимараттары бар. Мұнда әкімшілік ғимараттар да бар.

Аталған кешенде электр қуаты және газ жүргізілген. Құс фабрикасының өндірістік қуаты жылына 15 000 тонна құс етін шығара алады. Құс фабрикасының жері жекеменшікте.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу