Жаңа жыл түні Таразда мейрамхананың жазғы алаңында ірі өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған жазғы тамақтану орнында болған.
Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шыққан сәтте мейрамхана ішінде адамдар болған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында ғимараттан шамамен 100 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Өрттің негізгі ғимаратқа таралуына жол берілген жоқ.
Құтқару жұмыстары барысында өрттің мейрамхананың негізгі ғимаратына және жақын орналасқан жанармай құю бекетіне таралу қаупі болған.
Алайда өрт сөндірушілер жағдайды толық бақылауға алып, қауіптің алдын алды.
Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.