Тараз қаласының тұрғыны 200-ден аса тотықұс өсіріп, табыс тауып отыр

326

Бүгінде кәсіпкердің құс кепесінде Амадина, Розелла, Пенанта, Корелла секілді тропикалық тіршілік иелерінің он шақты түрі бар. 

Тараз қаласының тұрғыны 200-ден аса тотықұс өсіріп, табыс тауып отыр Фото: кәсіпкерден

Тараз қаласының тұрғыны Нұржан Нұрмаханұлы тотықұс өсіріп, табыс тайқазанын тасытып отыр. Құс шаруашылығын дамытуға бет бұрған кәсіпкердің иелігінде бүгінде 200-ден аса тотықұс бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Нұржан Нұрмаханұлы өткен жылы 1,5 миллион теңге көлемінде грант иегері атанып, көптен бері ойында жүрген ерекше кәсібін бастауға белді бекем буады. 

Қазіргі таңда Нұржанның құс кепесінде Амадина, Розелла, Пенанта, Корелла секілді тропикалық тіршілік иелерінің он шақты түрі бар. Кәсіпкердің айтуынша, тотықұстарды күтіп-баптаудың машақатынан, рахаты көп.

"Құс шаруашылығын дамыту мақсатында дайындаған жобамды көрген комиссия төрағасы бастаған азаматтар оң бағаларын беріп, жұмысыма сәттілік тіледі. Шынымды айтсам, комиссия мүшелерінің қолдауы одан бетер қанаттандырды. Жалпы, құс өсіруді жаным сүйеді. Ал сүйікті шаруаң қосымша табыс көзіне айналып жатса, оның несі айып? Кепедегі құстарға жемін беру, суын беру, астын тазалау секілді кішігірім жұмыстың ешқандай қиындығы жоқ. Қайта сол арқылы табиғаттың айрықша жаратылысы мен адам арасындағы байланыс түзеле түседі деп пайымдаймын. Бір сөзбен айтқанда, қолға алған бастамамды жақсы көремін. Құстардың әр қимылы көзге ерекше көрінеді", - дейді кәсіпкер.

Қазір кепедегі құстар балапан басып жатыр екен. Ерте көктемде тотықұс саудасы қыза түсетін түрі бар. Нұржан әр құсты 2 мың мен 60 мың теңге аралығында саудалауға бел буып отыр. Осылайша, кіріс көзін арттырмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу