Тараз қаласының тұрғыны жалған құжатпен мемлекеттен заңсыз пәтер алған

174

Жалған құжат рәсімдеу арқылы өзін мемлекеттік қызметші ретінде ұсынған Тараз қаласының тұрғыны мемлекеттен заңсыз баспана алғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараз қаласының тұрғыны жалған құжатпен мемлекеттен заңсыз пәтер алған Фото: canva

– Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінде тұрғын үй заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесінде азаматша "С" жалған анықтама ұсынып, өзін мемлекеттік қызметші ретінде көрсетіп, Тараз қаласындағы "Ұлы Дала" шағын ауданынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз екі бөлмелі пәтер алғаны анықталды, – делінген хабарламада. 

Сот-сараптамалық зерттеуінің қорытындысына сәйкес ұсынылған анықтаманың жалған екені белгілі болды.

– Прокуратураның нұсқауымен, 22.07.2025 жылы аталған алаяқтық фактісі бойынша Тараз қаласы ПБ-мен ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Қазіргі уақытта аталған жылжымайтын мүлікті мемлекеттік қорына қайтару жұмыстары жүргізілуде, ол кейіннен тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға беріледі.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу