Тараз – Шымкент автожолында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

124

Жобаның жалпы ұзындығы 12,353 шақырымды құрайды. 

Тараз – Шымкент автожолында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр Фото: ҚазАвтоЖол

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар "Тараз – Шымкент" автожолының 546-557 шақырым аралығындағы учаскесінде және жол пайдалану пункті аумағында (ескі Құйық асуы) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 549 шақырымда (жаңа Құйық асуы) авариялық тұйық салу жұмыстары атқарылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нысанда 55 бірлік техника мен 82 жұмысшы жұмылдырылған.

Қазіргі таңда бірқатар негізгі жұмыстар орындалды. Атап айтқанда, 12 дана темірбетон құбыр орнатылады, ол үшін съездердегі еңістер мен су өткізу арналарын бекіту үшін бетондау жұмыстары жүргізілуде.

Авариялық тұйық құрылысы 40 пайызға орындалды.

Жол пайдалану пункті аумағында тұз қоймасының ригельдерін бетондаудың екінші кезеңіне дайындық жұмыстары басталды.

Сондай-ақ су өткізу құрылыстары бойынша бетондау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

9 шақырымдық учаскеде қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон қоспасынан жоғарғы қабат төселді.

Жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу