Таразда 171 адам өрт шыққан көпқабатты үйдің тұрғындары құтқарылды

716

Оның ішінде 42 бала бар.

Таразда 171 адам өрт шыққан көпқабатты үйдің тұрғындары құтқарылды

Таразда 30 мамыр күні кешке 5 қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды ІІД ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

"Өрттің пәтерлерге таралмауына бар күш салынды. Құтқарушылар 171 тұрғынды сыртқа шығарды. Жүргізілген шұғыл шаралардың арқасында 1200 шаршы метр аумаққа жайылып үлгерген өрт 21-00-ге қарай сөндірілді",– делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 62 адамы жұмылдырылыпты және 17 бірлік техника тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу