Таразда бейнебақылау камераларының көмегімен мас күйде көлік басқарған 21 жастағы жүргізуші анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқиға 3 қарашада сағат 01:29 шамасында Тәуке хан көшесіндегі "Қазақ хандығы" монументінің алдындағы тұрақта болған. Жедел басқару орталығының инспекторлары ВАЗ-21099 автокөлігінің жанында тұрған бес ер адамның күдікті әрекетін байқап, ақпаратты полиция жасағына берген.
Тексеру кезінде 21 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Сот шешімімен жас жігіт 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамаққа алынды.