Таразда 5 сәбиге күрделі операция жасалды

491

Таразда туа бітті жүрек ақауы бар 5 сәбиге күрделі операция  жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.  

Таразда 5 сәбиге күрделі операция жасалды Фото: gov.kz

Оның ішінде 1 балаға сирек кездесетін өкпе тамырлары қосылуының ішінара аномалиясы диагнозы қойылған екен. Бұл аурумен әлемде 54 жағдай тіркелген. Сондықтан күрделі операцияға белорусьтік кардиохирургтер де қатысты. 4 сағатқа созылған, мемлекеттік портал есебінен төленген операция аймақта алғаш рет жасалды. Мамандар мұндай ота құны өзге елдерде 15-20 мың доллар көлемінде дейді.

Жамбыл облысында жылына жүрек ақауы бар 300-ден аса сәби дүниеге келеді. Оның 30%-інің жағдайы ауыр болады.

"Баланы аман алып қалу үшін өзінің жұмысын білетін осындай операция жасайтын мамандармен хабарласып, бірге істейміз. Себебі, бұл баланы біз жібергенбіз, Астана, Алматыға. Бірақ ол жақтан бас тарту келді. Біз өзіміз бақылап, туғаннан бері қарап жатырмыз. Болып жатқан операция баланың тағдырын шешеді. Жақсы жағынан деп әрекеттеніп, үміттеніп отырмыз", - деді кардиохирург Жалил Шейшенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу