Таразда 86 жастағы әжей коронавирусты жеңіп шықты

610

Жалпы аймақта коронавирустан 42 адам жазылды.  

Таразда 86 жастағы әжей коронавирусты жеңіп шықты

Жамбыл облысында коронавирустан сауыққан науқастардың саны артуда, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

 24 сәуір күні стационардан екі адам емделіп шықты. Оның бірі – 1985 жылы туған тұрғын. Ол КВИ тасымалдаушысымен байланыста болғаны үшін ауруханаға жатқызылған.

Жуырда қызы Нұр-Сұлтан қаласынан келген Тараз қаласының 1934 жылғы тұрғыны да дертті жеңіп шықты.

Қарт әйел шұғыл емдеу үшін қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Одан КВИ-ға алынған қан талдауы оң нәтиже көрсеткен. Отадан кейін әйел облыстық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. Емдеу шараларының нәтижесінде ол дерттен айықты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу