Таразда 91 рет жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды

148

Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салады. 

Таразда 91 рет жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды Фото: kaz.kazlenta.kz

Жамбыл даңғылында полицейлер бірнеше ай ішінде жол қозғалысы ережелерін 91 рет бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ер адам жылдамдықты бірнеше рет асырған және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын елемеген.

Жүргізуші "Қорғау" интеллектуалды жүйесі арқылы анықталды. Бұл жүйе жол қозғалысын автоматты түрде бақылаудың тиімділігін арттырады.

Мұндай цифрландыру және заманауи технологиялар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралына айналуда. Көлік арнайы айыптұраққа қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу