Таразда ауа ластағыш заттардың концентрациясы жоғарылаған

485

Былтыр шаһарда ауаға тараған лас қалдықтар көлемі 5 пайызға артқан. 

Таразда ауа ластағыш заттардың концентрациясы жоғарылаған Фото: inbusiness.kz

Лабораториялық зерттеулердің қорытындысына сүйенсек, шаһарда ауа ластағыш заттардың концентрациясы жоғарылап, диокцидтің құрамы 3 есеге, шаң-тозаң 4 есеге артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Экологтар ауа бассейнінің ластану көрсеткішінің нашарлауы жауын-шашынның аз түсуіне байланысты        екенін алға тартады.

Мамандар ауаның тазаруына жаңбырдың жиі жауғаны айтарлықтай есер етеді дейді. 

Сонымен лабораториялық зерттеулер қандай мәліметтерді ұсынады: Қала бойынша шектеулі рұқсат етілген концентрациядан метан қышқылы 2,7 есе және азот тотығы 1,25-1,5 есеге артқан.

Мысалы Лермонтов және Ташкент, Төле би мен Абай, Рысбек батыр - Ниетқалиев көшелері қиылысатын аумақтарда метан қышқылы мен азот тотығы 2,5 есе, көмір тотығы 3,5 есеге жоғарылапты. 

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, былтыр ауаға тараған лас қалдықтар көлемі 5 пайызға, яғни 82,7 мың тоннаға артқан. 

Мамандар зиянды шығарындылары көп өндіріс орындарын да атады. Соның бірі  – "Қазфосфат" ЖШС.  Кәсіпорында әлі күнге өндіріс орнында техногендік апаттардың пайда болу қаупі жоғары. 

Дерек көздеріне сүйенсек, "Қазфосфаттың" зауыттарының ауаға тарайтын зиянды заттарды тазалаушы 678  сүзгі көзі бар екен. Өткен жылы өндіріс цехтарында тазалау қондырғыларының бірі істен шығып, қаланы шаң аралас қою түтін басқан болатын.

Ауаға зиянды шығарындыларды таратушы тағы бір кәсіпорынның бірі – Т.И.Батуров атындағы Жамбыл МАЭС-і АҚ. 

Қазіргі таңда 3 блогы ғана жұмыс істеп тұрған электр стансасында сағатына 28 000 текше метр табиғи газ бен 102 тонна мазут жағылып, энергия өндірілуде. Блоктарда 30,4 пайызы ескірген, тозығы жеткен қондырғылар жұмыс істеп тұр. 

Экологтар қалада ауаның ластануына автокөліктердің көбейгені де әсер етіп отырғанын айтуда. 

Айта кету керек, Тараз қаласы бойынша жылына орташа есеппен кәсіпорындардан 28,5 миллион зиянды қалдық ауаға тарайды. 

Ал облыс көлемінде өткен жылы ауаға тараған лас қалдықтар көлемі 5 пайызға артқан. 

Шаң концентрациясы мен азот диоксиді, фтор, формальдегидтің таралу көлемі жоғарылаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу