"Әулие-Ата" халықаралық әуежайына 3,2 млн теңге айыппұл салынды

190

Тараздағы әуежай басшылығы "авиаотынды жоғары бағада сатты" деген шешіммен келіспей, сотқа шағым түсірген.  

"Әулие-Ата" халықаралық әуежайына 3,2 млн теңге айыппұл салынды Фото: kmg.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті әуежайда авиаотынды өткізу кезінде баға белгілеу қызметін тексеріп шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеп-тексеру барысында авиаотынды өткізу кезінде монополиялық жоғары баға белгіленгені анықталды.

Әуежай тергеп-тексеру нәтижелерімен келіспей, оларды бірінші және екінші сатыдағы соттарда даулады. Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен тергеп-тексеру нәтижелері заңды және негізді деп танылды. Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында өткен сот отырысы барысында Әуежай өз кінәсін мойындады.

Кәсіпорын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,2 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған 25,2 млн теңге мөлшеріндегі монополиялық кіріс тәркіленді.

Сонымен қатар, монополияға қарсы орган Әуежайға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату туралы тиісті нұсқама берді. Нұсқамаға сәйкес экономикалық негізделген баға белгілеу талап етіліп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу