Таразда электробус құрастыратын зауыт іске қосылады

868

Таразда электробус құрастыратын зауыт іске қосылады

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы бірқатар кәсіпорындар мен мекемелердің  жай-күйімен танысу мақсатында облыс орталығын аралап шықты, деп жазады zhambylnews.kz.

"ТаразКоммуналКөлік" жауапкершілігі серіктестігінде облыс әкіміне кәсіпорынның базасынан электробустарға қызмет көрсететін "Higer Quazar" компаниясының жұмысын бастау туралы мәліметтер ұсынылды. Бұған дейін электробустарды құрастыру мен оларға қызмет көрсету саласында әлемдегі жетекші компанияның қызметін тұтынған Қарағанды облысының тәжірибесі кәсіпорын жұмысының тиімділігіне көз жеткізді. Сондықтан да, өңірде "Higer Quazar" компаниясының жұмысын жүйелеуге басымдық беріледі. Болашақта бұл кәсіпорын Тараз қаласынан жылына 20 электробус құрастыруға қабілетті зауыт ашуға ниет білдіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу