Таразда есірткі курьері 1 келі мефедронмен ұсталды

342

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды.  

Таразда есірткі курьері 1 келі мефедронмен ұсталды Фото: бейнеден скриншот

Тінту кезінде ер адамнан ішінде ерекше иісті ұсақ кристалды ұнтақ зат бар, изолентамен оралған 35 орам тәркіленді. Сондай-ақ оның жалға алған пәтерінен Мерри қызметтік итінің көмегімен 430 оралған пакет табылды.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы 978 грамм болатын мефедрон психотроптық заты болып шықты. Яғни полицейлер кем дегенде 3260 дозаны құрайтын есірткінің таралуына жол бермеді. Оның қара нарықтағы құны шамамен 36 млн теңге тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу