Таразда қамқоршысынан теперіш көрген Құндыз бен Назгүл арнаулы орталыққа орналастырылды

228

Тергеу амалдары басталды. 

Таразда қамқоршысынан теперіш көрген Құндыз бен Назгүл арнаулы орталыққа орналастырылды Фото: turkystan.kz

Тараз қаласының әкімдігі қамқоршысынан теперіш көрген Құндыз бен Назгүл арнаулы орталыққа орналастырылғанын хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімдіктің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты бейнежазба бұған дейін орын алған оқиғаға байланысты түсірілген.

"Аталған жайт 2025 жылғы 29 желтоқсанда анықталған. Сол күні балалар мектепке келген кезде білім беру мекемесінің психологы олардың денесінде ұрып-соғу белгілерін байқаған. Осы дерек негізінде полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалып, балалардың заңды қамқоршысы ретінде көрсетілген З.Т. есімді азаматшаға қатысты тергеу амалдары басталды. Нәтижесінде  кәмелетке толмаған балаларды қамқорлығына беру туралы қаулының күші жойылды. Балалар 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап арнайы бейімдеу орталықтарына орналастырылған", – делінген хабарламада.

Ал кәмелетке толған Қ. және Н. есімді азаматшаларға қатысты қала әкімдігі өкілдері олардың тұрғылықты мекенжайына барып, арнаулы орталыққа орналастыру шараларын жүзеге асырды. Аталған дерек бойынша да полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, бұған дейін 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлінің қамқоршысы туралы тың дерек шыққанын жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу