Таразда қараусыз қалған ғимараттан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

433

Полицейлер 16 калибрлі ИЖ-18 бір ұңғылы аңшы мылтығын, патронсыз ТТ тапаншасы мен әртүрлі калибрлі 189 бірлік патрон тәркіледі.  

Таразда қараусыз қалған ғимараттан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды Фото: Polisia.kz

25 сәуірде Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен “Қару” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тараз қаласындағы теміржол депосының жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттың аумағынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

– Осы дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ қазіргі уақытта осыған байланысты ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлімі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, – деп атап өтті Жамбыл облысы бойынша полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу