Таразда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды

117

Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 270 оқушы қатысады. 

Таразда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды Фото: gov.kz

Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндерден 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезең басталды. Білім додасы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндері бойынша өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дарынды оқушыларды анықтауға және олардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған зияткерлік байқауға еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 270 оқушы қатысады. Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиетінен 91 оқушы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінен 86 қатысушы, Қазақстан тарихынан 93 оқушы бақ сынайтын болады.

Тапсырмалар оқушылардың әдеби талдау, тарихи деректерді саралау, тілдік мәдениет және ғылыми пайымдау қабілеттерін анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, қатысушылар үшін мәдени бағдарлама, спорттық іс-шаралар және психологиялық тренингтер ұйымдастырылады.

Айта кетейік, биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің алты өңірінде өткізілуде. Олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты үш қалада ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Бұл бағыт бойынша 925 оқушы қатысып, 423-і жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Қоғамдық-гуманитарлық бағытқа 720 оқушы қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу